Қарағанды хайуанаттар бағы – жануарлар әлемін танудың қайнар көзі
Сыздыкова А.С.

Адам жер бетінің жалғыз иесі екендігі барлығына мәлім шығар.Адам әрқашан бөлінбес табиғат ұғымымен байланысты болып қала береді. Табиғатта адам бір ғана бөлшек.

    Биология ғылымында табиғат 5 түрлі дүние қосындысынан тұрады делінген.Олар: вирустар, бактериялар, саңырауқұлақтар,құстар,жануарлар әлемі.Аталғандардың барлығы дерлік толығымен табиғатта маңызды рөл ойнайтыны ақиқат.Бір әлем екінші әлемсіз бола алмайды, егерде олай болса да ол әлемдік гармонияны жоқ болғызар еді.

Жануарлар әлемі-табиғат тартуының тамаша жаратылыс бөлігі.Ғылыми тұрғыдан келетін болсақ, жануарлар -жүруге және сезінуге бейім,дайын органикалық қосылыстармен қоректенетін гетеротрофты организмдер.Палентологиялық зерттеулерге қарағанда олар осыдан 0,8 млрд жыл бұрын пайда болған.Олардың дамуы қоршаған ортаның эволюциялық дамуымен сай келеді.

    Дүние жүзінде жануарлардың 1,6 млн-дай түрі,17 типі бар. Жануарлар әлемінен Қазақстан жерінде сүтқоректілердің – 180, құстың – 500, бауырымен жорғалаушылардың – 52, қос мекенділердің – 12, балықтың 104-ке жуық түрі бар. Омыртқасыз жәндіктер шаян тәрізділер, ұлулар, құрттар, т.б.) бұдан да көп. Тек жәндіктер түрлерінің өзі-ақ 30 мыңнан асады.Олар үлкен қамқорлық пен үнемі қорғауды қажет етеді.
    Хайуанаттар бағы,( зоопарк) – жабайы жануарларды қолда (торда, қоршауда) немесе жартылай қолда (табиғи мекендеу ортасына жақын көлемде қоршалған аумақ) ұстайтын ғылыми ағарту мекемесі.Хайуанаттар бағының негізгі міндеті- жануарлар әлемінің түрлерін қалың көпшілікке көрсету, жаратылыстану білімін насихаттау және жабайы фаунаны қорғау идеяларын тарату, сирек кездесетін, жойылып бара жатқан жануарлар генофондын сақтау. Алғаш хайуанаттар бағы б.з-дан 1500 жыл бұрын Мысырда, 1000 жыл бұрын Қытайда («Білім бағы» деген атпен) ұйымдастырылған. Еуропада 18–19 ғасырларда ашылды (Венада 1752 жылы, Мадридте 1774 жылы, Берлинде 1844 жылы, Парижде 1858 жылы, Мәскеуде 1864 жылы, тағы басқа).Қазір дүние жүзінде хайуанаттар бағының саны 850-ден астам, ТМД елдерінде олар 33 болса , Қазақстанда 3 хайуанаттар бағы (Алматы хайуанаттар бағы, Шымкент хайуанаттар бағы, Қарағанды хайуанаттар бағы) бар. Хайуанаттар бағында біздің елде мекен етпейтін, теледидардан ғана көре алатын, жыртқыш, жабайы жануарларды адамдар өз көздерімен көруге мүмкіндік жасалған,ондағы жануарларды хайуанаттар бағының қызметкерлері баптайды.

Аталған Қазақстандағы 3 хайуанаттар бағының ішінде Қарағанды зоопаркінің алатын орны ерекше.Қарағанды облысы Қарағанды қаласында орналасқан бұл мәдени мекеме қала халқының , қала қонақтарының уақыт өткізетін және қоршаған орта туралы мағұлмат алатын мекені.
Қарғанды хайуанаттар бағы тарихына келетін болсақ 1938 жылы құрылды.Тарих толқынында оданда ертеректе пайда болды делінген бұл тарихи мекеме сол заманның саясаты ма немесе құжаттардағы олқылық па негізгі тіркеліп жұмыс жасай бастаған уақыты 1938 жыл деп көрсетілген екен.Территориясы жағынан 43,5 гектарды құрайтын бұл саябақтың 8 гектары ғана игерілген. 1987 жылы әйгілі Қарағанды зообағында 159 түрлі 700-ге жуық сан алуан жануарлар ұсталған. Оның ішінде 69 түрі жәндіктер, 25 түрлі құстар, 14 бауырымен жорғалаушылар, амфибиялардың 3 түрі, балықтың 25 түрі бар мекендеген. Хайуанаттар бағында Қызыл кітапқа енгізілген жануардың 5 түрі, КСРО Қызыл Кітабына 14 түрі және 8 түрі – Қазақ КСР Қызыл кітабына енгізілді. 1980-шы жылдардың соңында зообақ 26 есеге көбейтіліп, жақын елдерде кездеспейтін пантера мен ягуар жыртқыш жануарлары алыстан әкелінген.ХХ ғасырдың 90-шы жылдарының басында зообақ аумағына 100-ге жуық гектар жер бөлініп, оның 40 гектары резервте ал, 36-40 гектарына экспозиция салынған. Климаттық ерекшелігімен дараланатын саябақтың үлкен алаңдары тұяқтылардың еркін тіршілік етуіне арналған. Сондай-ақ, зоосаябаққа келушер аңдардың 176 түрімен таныса алған. Бір жыл ішінде зоосаябаққа миллионнан астам адам келіп, түрлі ғылыми зерттелімдердің жасалуына мүмкіндік алған. ХХ ғасырдың 80 жылдарының аяғында Қарағанды хайуанаттар бағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қарағанды мемлекеттік медицина университеті , Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайы, Қарағанды табиғат қорғау қоғамы, қалалық мектептер және басқа да ұйымдармен байланыс орната бастады. Жасалған еңбектің нәтижесінде хайуанаттар бағына жыл сайын 800 мыңға жуық адам келуші болып, таң қаларлық табиғат пен аңдарды тамашалай алатын болған. . Бүгінгі таңда хайуанаттар бағына келушілердің саны 175 мың адам, 2014 жылы 113000 және 2015 жылы 85,900 адамға азайған. Алайда осы уақыт аралығында көрмелер саны 25-тен 60-ға дейін өсті. 2012 жылы Қарағанды хайуанаттар бағына жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ мәртебесі берілді. 2013 жылы хайуанаттар жануарлардың 2700-ден астам үлгісін қамтыған еді , ал 2015 жылға қарай белгілі себептермен олардың саны 1600-ге дейін төмендеді. 2013 жылы 328 сүтқоректің үлгілері сақталған болса , 2015 жылға қарай олардың тек 287 ғана түрі қалды. Осы кезеңдерде хайуанаттар бағынан сирек кездесетін аңдардың 4 түрі жоғалып кеткен. 2014 жылғы санақтағы 1 249 құс түрінен араға бір жылғы уақыт салып 246 түрі қалды. Оның ішінде 2 түрі ізсіз жоғалып кетті. Хайуанаттар бағындағы бауырымен жорғалаушылар мен балықтардың саны да төмендеді.2015 жылы қалалық хайуанаттар бағының қызмет етуі үшін бюджеттен 102,5 млн. теңге ақша бөлінді. Сол жылы хайуанаттар бағының негізгі ғимараты 1968 жылы төтенше ғимарат ретінде танылып, 2016 жылы жөндеу жұмыстарына қайта берілген. Алайда, Қарағанды хайуанаттар бағына арнап жаңа ғимарат салу жоспарланып отыр.

    Қазіргі таңда хайуанаттар бағының жер көлемі 14 га. жер көлеміндегі жануарларды келесідей бөліктерге бөліп орналастырған:жыртқыш аңдар,приматтар,тұяқты жануарлар,құстар,герпетология бөлімі және аквариум.

Жыртқыш аңдар қатарында африкалық арыстан ,амурлық жолбарыс, пума, ягуар,түлкі,қасқыр,аю,сурикат секілді жануарлар кездеседі.Хайуанаттар бағындағы олардың саны 42.Келесі кезекте приматтар бөлімі,жануарлар саны 6 ғана .Олар резус-макакасы,макака лапундер,явандық макака.Тұяқты жануарларға келетін болсақ саны жағынан олар 105 басты құрайды.Олардың қатарында: Прижевальский жылқысы,түркімендік құлан,есек,бегемот,түйе,лама, марал, елік,архар-муфлон,зебра және т.с.с бар. Парктегі құстар жалпы 218 түрді құрайды.Барлығына қызық бауырмен жорғалаушылар бөлімі (герпетология) .204 түрден тұратын бұл бөлімде тасбақа,ампулярия,ахатина,геккон және т.б. бар.Одан кейінгі кезекте балықтар әлемі онда 307 түрлі жануарлар мекендейді.Бұлардан басқа тышқан ,коян секілді жануарларда бар олардың өздері 749 санын құрайды.Жалпылама осы аталған жануарлардың қосындысы 1631-ді құрайды екен.

    Осы күні хайуанаттар бағы уақытты қызық және пайдалы етіп өткізетін мекеннің бірі.Адам болған соң барлығын көруіміз және танып білуіміз керек.Қоршаған орта туралы көп дүние білуге тырысуымыз қажет.Егер ата-ана болсақ балаларымызды осындай жерге көбірек алып келгеніміз дұрыс.Біріншіден жасаған бұл әрекетіңіз баланыңыздың білімін көтереді,қоршаған орта туралы ойын қалыптырғызады.Екіншіден көп адамның уақыты табылмайтын осы заманда отбасыңызбен 1-2 сағат шын күліп,қызық көріп, балаңыздың қалай өсіп келе жатқанын көруге үлкен мүмкіндік ала аласыз.Ақшамен барлығы өлшенетін қазіргі заманда Қарағанды хайуанаттар бағының бағасын айтып кетуге міндетті шығармын. Ересектерге 400 теңге,6-14 жас аралығындағы балаларға 200 тг,5 жастан төмен балаларға парк тегін қызмет көрсетеді.Айтарлықтай қалтаға ауырлық түсірмейтін отбасыңызбен бірге болуға мүмкіндік беретін,көрмеген жануарларыңыз туралы мағұлмат алуға мүмкіндік беретін серуен.
    Рухани жаңғырып,өмір көріп ,жануарлар әлміне қызығушылық білдіргіңіз келсе әр күн сайын таңертеңгі 9-дан кешкі сағат 8-ге дейін Қарғанды қаласы Ермекова көшесі №11 бойынша орналасқан осы хайуанаттар бағы сіздерді шын жүректен шақырады және күтеді!