Тогайбекова Сымбат Муратовна
Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-нің
Биология-география факультетінің
БТ-43 тобының студенті

    Қарағанды зоосаябағы: 1 ғасырлық тарихы бар саябақ

Қазір дүние жүзінде 850-ден астам, ТМД елдерінде 33, Қазақстанда 3 хайуанаттар бағы (Алматы хайуанаттар бағы, Шымкент хайуанаттар бағы, Қарағанды хайуанаттар бағы) бар. Қазақстандағы хайуанаттар бағындағы аңдардың 77 түрі Халықаралық табиғат қорғау одағының, ТМД және Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Жануарлар әлемінің түрлерін қалың көпшілікке көрсету, жаратылыстану білімін насихаттау және жабайы фаунаны қорғау идеяларын тарату, сирек кездесетін, жойылып бара жатқан жануарлар генофондысын сақтау мақсатында елімізде осы хайуанаттар бағы ашылды.
Хайуанаттар бағы – жабайы жануарларды қолда (торда, қоршауда) немесе жартылай қолда (табиғи мекендеу ортасына жақын көлемде қоршалған аумақ) ұстайтын ғылыми ағарту мекемесі. Онда біздің елде мекен етпейтін, теледидардан ғана көре алатын, жыртқыш, жабайы жануарларды адамдар өз көздерімен көруге мүмкіндік жасалған. Оларды хайуанаттар бағының қызметкерлері баптайды. Хайуанаттар бағындағы жануарларға кез – келген тамақты беруге тиым салынған. Яғни, онда әр жануардың өзінің тамақтану нормативтері бар. Сол белгілі бір норма арқлы олар күнделікті азықтанады.
Біздің Қазақстан хайуанаттар бағында Қазақстан фаунасында кездеспейтін сүтқоректілер: барибал (Америка қара аюы), Африка арыстаны, Аустралия кенгуруі, Жапон макакасы, Үнді тырнасы, Мысыр кобрасы, Қытай аллигаторы; құстардың 70-тен астам сирек кездесетін түрлері: эму, нанду, тағы басқа өсіріледі. Бақта қоңыр аю, парсы ірбісі, қасқыр, бегемот, Амур жолбарысы, т.б. жануарлар қоршауда көбейіп, ұрпақтарын жалғастыруда. Олар дүние жүзіндегі басқа хайуанаттар бағында өсірілетін түрлермен алмастырылады немесе сатылады. Кейбір түрлер, мысалы, тоғай бұғысы, ителгі табиғи мекендеріне жіберіледі. Бақта «Теңіз аквариумы» павильоны жұмыс істейді, онда әлемдік фаунада сирек кездесетін балықтардың, шаянтәрізділер мен қосмекенділердің бірнеше түрін тамашалауға болады.
Соның бірі, әрі бірегейі ,ол – Қарағанды қаласымен бірге жасасып келе жатқан Қарағанды мемлекеттік хайуанаттар бағы бірден-бір мәдениет мекемесі болып табылады.Жоғарыда атап өткендей еліміздегі хайуанаттар саябағының үштігінде тарихы мен пайда болуы жағынан ерекшеленетін зообақ – ол – Қарағанды саябағы болып есептелінеді. Олай болса, көне зообақ жайлы тың ақпараттар жайлы тарқатып айтайын.
Қарағанды қаласындағы мемлекеттік хайуанаттар бағы тарихы мен құрылысы жағынан ең көне саябақ. Себебі бұл хайуанаттарға арналған саябақ 1938 жылы негізі қаланған. Алайда, сарапшылардың айтуынша, Қазақстан тарихында ең бірінші болып құрылған зоосаябақтың іске қосылған нақты күні осы уақытқа дейін құпия болып келеді. Себебі тарихи оқиғаларға сәйкес, түрлі замандарды өткізген Қазақстанда құнды құжаттар жоғалып, ұрланып, тіпті, өрт пайда болған кезде жанып кеткен көрінеді. Бір қызығы, өткен ғасырдың басында еліміздің орталығында ашылған зоосаябаққа қарап, 1938 жылдары Қарағандығының халық жиі қоныстанған мекен және қала болғандығын аңғаруға болады. Өткенін еске алатын қарттардың деректеріне сүйенсек, 1933 жылы «Большой Михайловка» деген аймақта «Алыс саябақ» (Далний парк) деп аталған ұйым халыққа арнап түрлі аңдарды көрсетілімге шығаратын болған. Кейіннен тұрғындар мен алыс аймақтардағы бүкіл жұртшылықтың назары мен қызығушылығына ие болған ұйымдастырушы орталық 1938 жылы нақты зоосаябақ ретінде ресми ашылған. Ал 1940 жылы аңдарды зерттеушілер саябаққа жиі ат басын тіреп, аңдардың жәй күйін зерттеп, бақылай алатын болған.
Территориясы жағынан 43,5 гектарды құрайтын аталмыш саябақтың 8 гектары ғана игерілген. 1987 жылы әйгілі Қарағанды зообағында 159 түрлі 700-ге жуық сан алуан жануарлар ұсталған. Оның ішінде 69 түрі жәндіктер, 25 түрлі құстар, 14 бауырымен жорғалаушылар, амфибиялардың 3 түрі, балықтың 25 түрі бар мекендеген. Хайуанаттар бағында Қызыл кітапқа енгізілген жануардың 5 түрі, КСРО Қызыл Кітабына 14 түрі және 8 түрі – Қазақ КСР Қызыл кітабына енгізілді. 1980-шы жылдардың соңында зообақ 26 есеге көбейтіліп, жақын елдерде кездеспейтін пантера мен ягуар жыртқыш жануарлары алыстан әкелінген.
ХХ ғасырдың 90-шы жылдарының басында зообақ аумағына 100-ге жуық гектар жер бөлініп, оның 40 гектары резервте ал, 36-40 гектарына экспозиция салынған. Климаттық ерекшелігімен дараланатын саябақтың үлкен алаңдары тұяқтылардың еркін тіршілік етуіне арналған. Сондай-ақ, зоосаябаққа келушер аңдардың 176 түрімен таныса алған. Бір жыл ішінде зоосаябаққа миллионнан астам адам келіп, түрлі ғылыми зерттелімдердің жасалуына мүмкіндік алған.
1980-жылдардың аяғында Қарағанды зообағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қарағанды медициналық институты, Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайы, Қарағанды табиғат қорғау қоғамы, қалалық мектептер және басқа да ұйымдармен ынтымақтастық орната білген. Нәтижесінде зообаққа жыл сайын 800 мыңға жуық адам хайуанаттар бағын аралап, таң қаларлық табиғат пен аңдарды тамашалай алатын болған.
2012 жылы Қарағанды хайуанаттар бағына жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ мәртебесі берілді. 2013 жылы хайуанаттар жануарлардың 2700-ден астам үлгісін қамтыды, ал 2015 жылға қарай олардың саны 1600-ге дейін төмендеді. 2013 жылы 328 сүтқоректің үлгілері сақталған, ал 2015 жылға қарай 287 ғана қалды. Зообақтан сирек кездесетін аңдардың 4 түрі жоғалып кеткен. 2014 жылы 1 249 құс түрінен араға бір жыл салып 246 түрі қалды. Оның ішінде 2 түрі ізсіз жоғалып кетті. Бауырымен жорғалаушылар мен балықтардың саны да төмендеді.
Бүгінгі таңда хайуанаттар бағына келушілердің саны 175 мың адам, 2014 жылы 113000 және 2015 жылы 85,900 адамға азайған. Алайда осы уақыт аралығында көрмелер саны 25-тен 60-ға дейін өсті.
2015 жылы қалалық хайуанаттар бағының қызмет етуі үшін бюджеттен 102,5 млн. теңге ақша бөлінді. Сол жылы хайуанаттар бағының негізгі ғимараты 1968 жылы төтенше ғимарат ретінде танылып, 2016 жылы жөндеу жұмыстарына қайта берілген. Алайда, Қарағанды хайуанаттар бағына арнап жаңа ғимарат салу жоспарланып отыр.
Қарағанды зоосаябағында дүние жүзінің 5 континентінен әкелінген және тек теледидардан ғана көретін аңдарды көзбен көріп, ерекше әсер алып, табиғат ананың жануарларды жаратқан жаратылысына таң қаласың.
Бұл жерден біз Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік уни-верситетінің биология-география факультетінің биотехнология мамандығының 4 курс студенттері өндірістік іс-тәжірибеден өттік.

Іс- тәжірибе барысында хайуанаттар бағында мекендейтін жан-жануарлардың түрлерімен және 7 бөлімнен тұратының , сонымен қатар сол әр бөлімге жататын хайуанаттардың азықтандыру нормативтерімен таныс болдық.
Біз іс-тәжірибеден өтіп жүріп әр жануарлардың мінездерін және олардың қыр-сырын білдік. Сонымен қатар осы өндірістік іс-тәжірибе өту барысында көптеген нәрселерді үйрендік. Әр жануарға қалай тағам дайындауды, оларға қалай тамақ беруді, міне, осының барлығын да біз іс-тәжірибе барысында көріп, үйрендік. Бұл жерде қызмет жасайтын ағайлар мен апайлар да өз жұмыстарының шебер маманы. Білмейтінімізді үйретіп, түсіндіріп отырды. Осы өндірістік тәжірибе барысында көп нәрсені үйрендім деп нақты айта аламын.

    Қарағанды хайуанаттар бағына шағын саяхат


Жалпы хайуанаттар бағына қандай да болмасын тосыннан келген сый ешқашанда көпшілікті таңқалдырмай қоймайды. Себебі, хайуанаттар бағына жаңадан бір жануарлар әкелініпті, толықтырулар болыпты деген сөздер, кішкентай бала түгілі еңкейген қарияларымыздың да назарын аудармай қоймайды. Жаңадан әкелінген барлық жануарларды ең бірінші адамдарға толық үйренгенше іште сақтап, сыртқа шығармайды. Тіпті әлі кішкентай жануарлардың жүріп тұруына да үлкен бап, едәуір жұмыс қажет. Осындай үлкен зообақтар арқылы дүние жүзінің әр түкпірінде өмір сүретін жануарларды тамашалауға болады және де оларды көруге үлкен мүмкіндік туады. Хайуанаттар бағы – жан – жануарларды бір араға жиып, көпшілікке көрсету шараларымен шұғылданатын мекеме болғандықтан сәбилерін жетектеп, асыл сезімнің жетегінде жүрген ғашықтар, немерелерімен қол ұстасып, жүздеріне күлкі үйірілген қариялар – саябақтың басты қонақтары екені сөзсіз. Бұрын-соңды көгілдір экраннан, суреттерден көріп қана қоятын хайуанаттарды өз көзімен көру балалар үшін өте таңсық дүние екені жасырын емес екенін байқадық. Міне, алда оқушылардың көктемгі демалыс уақыттары таяп келеді. Сол кезде осы өзіміздің Қарағанды хайуанаттар бағына келіп біздің жануарларды тамашалайды деген үміттемін.
Қазіргі таңда Қарағанды зоосаябағы ерекше әрі сирек кездесетін дүние жүзі құрлықтарының жануарларын біріктірген үлкен орталық болып табылады, бірақ уақыт өте келе бір мега үлкен орталыққа айналып шыға келеді деген болжам жасаймын. Бір ғасырдан астам тарихы бар зоосаябақтың аңыз сияқты ел аузында айтылатын жануарымен көпшіліктің есінде қалатына сенім білдіремін. Тіпті Батыр есімді әлемге әйгілі үнді пілі де сөйлей алатын болған. Тіпті,бұл тіл біткен пілді көзбен көру үшін дүниенің төрт бұрышынан шет елдіктер келіп, таң қалатын болған. Атақты Чехославиялық цирк орталығының басшысы пілді алып кетіп, халыққа көрсетуге де ұсыныс білдірген. Атақты Батыр пілі 20-дан астап сөзді адамша айтып, елді қайран қалдырған. Міне осындай елді таң қалдыратын жануарлар біздің хайуанаттар бағынан да шығады деп үміттемін.